Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігін алмақ болған ақтөбелік 200 мың теңгесін алаяққа беріп қойды

Жүргізуші куәлігін алмақ болған ақтөбелік 200 мың теңгесінен алаяққа беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz

12 шілдеде №3 қалалық полиция бөліміне 26 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, 30 наурызда таныс емес ер адам жүргізуші куәлігін алуға өз көмегін ұсынған. Осылайша оған интернет-банкинг арқылы осы қызметі үшін 200 мың теңге мөлшерінде толық төлемді аударуды сұраған. Жәбірленуші төлемді толықтай аударған. Шығын сомасы 200 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғыны екені анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық қызметтерді мемлекеттік органдардан алу керектігін еске салады. Заңды тіркеу процедураларын айналып өту екі тарап үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру