Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен ҰҚД қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті

СҚО-да “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы спартакиадасының шеңберінде шағын футболдан сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының аудандық учаскелік полиция инспекторлары Ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен спорттық алаңда сайысты.

Шағын футболдан сайыстар “Динамо” дене шынықтыру – спорт қоғамымен және СҚО Полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасымен ұйымдастырылды.

Шағын футбол құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өтетін жыл сайынғы спартакиаданың бесінші түрі. Алаңға 12 команда шықты. Ойын екі күнге созылды. Сайыстың жеңімпазы болып облыстың ҰҚКД командасы атанды. Олардың қарсыласы Айыртау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері болды. Қызу ойында мықты қарсыластарынан озып шығып, финалдағы тартысты шайқаста ҰҚКД командасынан небәрі 4:3 есебімен жеңілді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері үшінші орынға ие болды. Айыртау командасының өкілі Ербол Қасқатаев үздік қақпашы болып танылды.

– Айыртау командасы тек жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінен құрылған. Учаскелік инспекторлар, патрульдік полицейлер халықпен тығыз қарым-қатынаста болады, оларға командалық ойында шыңдалатын шынығу, бір-бірін түсіне білу дағдылары аса маңызды, – дейді СҚО ПД АЖДБ бастығының міндетін атқарушы Орал Хамзин.


Сайыс жеңімпаздарына кубок пен грамоталар, естелік сыйлықтар табысталды. Алда спартакиаданың тағы екі түрі бар: Президенттік тест пен самбо күресі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру