Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде көлік басқарған адам ұсталды

Ақтөбе тұрғыны көлік құралын мас күйінде айдағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылу мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанда “Богослов тас жолында” айналма жолында “ХҚКО” бағытында 53 жастағы жүргізуші басқаруындағы “Ваз-2114” автокөлігі тоқтатылды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, автокөлік жүргізушісі көлік құралын мас күйінде “жеңіл” дәрежелі басқарған және басқару құқығынан айырылған. Мойындау көрсеткіштері бар.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейту туралы заң күшіне енді.

Заңнаманың күшіне енген сәтінен бастап, Ақтөбе облысында сот үкімі бойынша мас күйінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған 18 факті тіркелді.

Жауап қалдыру