Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қатаң тәртіптегі мекемеге есірткі кіргізбек болған азамат әшкереленді

ОВ-156/2  қатаң тәртіптегі мекемесінің өндіріс аумағында орналасқан жеке кәсіпкердің цехына ағаш өнімдерін түсіруге келгенлен азамат есірткімен әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандарға рұқсат етілмеген заттарды өткізудің жолдары мекеме аумағына кіріп шығатын автокөліктер, сондай-ақ ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер барысында орын алады. Сол себептен де мекеме аумағына тыйым салынған заттардың кіру жолдарын әшкерелеу және алдын алу мақсатында, әрдайым жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Осындай іс-шаралардың бірінде азамат Ш. өзінің  «Газ 00000» маркалы автокөлігімен ОВ-156/2 қатаң тәртіптегі мекемесінің өндіріс аумағында орналасқан жеке кәсіпкердің цехына ағаш өнімдерін түсіруге келген. Көліктік бақылау-өткізу пунктіне келген азамат Ш. тексеру алдында барлық рұқсат етілмеген заттарды мекеме аумағына кіргізбеу туралы ережелерімен таныстырылды, алайда тәртіп бөлімінің қызыметкерлері азамат Ш-ны жеке тінту кезінде, қысқы курткасының сол жақ жеңінің иығындағы қалтасынан қағазға оралған жасыл-түстес өсімдік тәрізді есірткі заты тәркіленді. Осы оқиға бойынша Өскемен қаласының ПБ Ертіс полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, тәркіленген зат химиялық сот сараптамасына жолданылды.

Мекеменің тексеру тобының қызыметкерлерінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде тыйым салынған заттар жолына тосқауыл қою әлі де жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру