Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Журналистер учаскелік полицейлердің бір күндік өмірімен танысты

Елдің қауіпсіздігі үшін кейде өз өмірлерін қатерге қойып жататын полицейлер жұмысының қаншалықты қиын әрі қауіпті екені белгілі. Түрлі оқыс оқиғалардың басы-қасында жүретін бұл маман иелерінің бір күндік жұмысы кімді де болсын қызықтырары сөзсіз. Осы ретте аймақтағы Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Погондағы журналист” атты іс-шара аясында учаскелік полицейлердің бір күндік өмірімен таныс болды. Бұл туралы Polisia.kz сайтының тілшісі айтып бермек.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қарасты №15 учаскелік полиция бөлімшелерінде барлығы 96 тәртіп сақшысы қызмет етеді.

Бүгінгі біздің әңгімемізге арқау болып отырған №9 учаскелік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, капитан Асылхан Ембергеновтың әр жұмыс күні таңғы сағат 9:00 басталып, қараңғы кешке дейін жалғасады. Алдымен саптық тексерістен өткен соң, кезекпен өздеріне тиесілі қаруларын алып, сағат 9:00-де жергілікті полиция қызметінің бастығының қатысуымен өтетін нұсқаулық жиынға қатысады. Мұнда түнде орын алған қылмыстар, түрлі жағдайлар, азаматтардан түскен арыз-шағымдар зерделеніп, басшылық тарапынан берілген тапсырмалар қадағаланады екен. Ары қарай учаскелік полиция өзіне қарасты аумақты барлауға шығады.

– Учаскелік полиция қызметкерлерінің басты мақсаты – әкімшілік аумақты қадағалау және қылмыстың алдын алу. Әкімшілік аумақтағы халықты білу, олармен танысу, сұхбат жүргізу, олар арқылы қылмыстың алдын алу, – дейді учаскелік полиция инспекторы.

Аймақтағы журналистерді өздерінің күнделікті атқаратын тыныс-тіршілігімен танысты. Ең алдымен, бөлімшеде іс-құжаттарымен қалай жұмыс жасайтындықтарын көрсетті. Аумаққа шығарып, өздеріне белгіленген қала орталығымен таныстырды. Өз кезегінде орта орналасқан жеке меншік кәсіп иелерімен тілдесіп, көпқабатты тұрғындардан сұхбат алынды. Тіркелген оқиға орындарына барып, келеңсіз жайттарға тап болғандықтарын журналисттер өз көздерімен көріп қайтты. Учаскелік полиция қызметкерлері халықпен тығыз жұмыс жасайтындықтарын көрсетті.

Бүгінде тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі ақпараттық тақталарға учаскелік инспекторлардың аты-жөні мен телефоны көрсетілген фотосуреттер ілініп тұр.

Полиция учаскесі күн сайын кешкі сағат 00.00-ге дейін жұмыс істейді, ал шақыруларды ұялы телефон арқылы тәулігіне 24 сағат бойы қабылдайды. Шақыруға барған кезде полицейлер тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, әңгімелеседі, жағдайға байланысты шаралар қолданады.

– Халыққа қызмет ету – әр азаматтың борышы. Тек полицияның ғана емес, форма кигеннің ғана емес, бәріміздің, Қазақстанның азаматымын дегеннің барлығы үшін міндет болып табылады, – дейді Асылхан Ембергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру