Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері Қарағанды облысында балалардың қатысуымен 10 ЖКО орын алды

Жыл басынан бері Қарағанды облысында балалардың қатысуымен 10 ЖКО орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Қарағанды облысында балалардың қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл ретте бір бала қаза тауып, он бір бала түрлі ауырлықтағы жарақаттар алды. Жол апаттары Қарағанды, Теміртау, Саран, Осакаров, Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында орын алды. Алты жағдайда балалар жолаушылар ретінде жарақат алып, төрт жағдайда олар көлік астына түсті.

Кәмелетке толмағандардың кінәсінен және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ олардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту мақсатында Қарағанды облысында 25 сәуір мен 20 мамыр аралығында “Назар аударыңыз – балалар!” республикалық акциясы өткізілуде. Полиция қызметкерлері балалардың қатысуымен жергілікті апаттылық ошақтарының орындарына талдау жүргізеді. Полиция жасақшаларының бекеттері мен патрульдеу бағыттары қоғамдық тәртіпті сақтауға және көрсетілген учаскелерде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға барынша бағытталған.

Жазғы демалыс қарсаңында біз азаматтарды балалардың қауіпсіздігін күшейтуге шақырамыз. Жүргізушілер жас жаяу жүргіншілерге мұқият болу керек. Балалар – бұл жол қозғалысының ең күтпеген қатысушылары болып табылады және аулалар мен балалар мекемелерінің жанында сақ болуды есте сақтау керек. Ал ата-аналарға балалардың жабдықтарында жарық шағылыстырғыш элементтері бар киімдерді қолдануға кеңес беріледі, бұл баланы қараңғыда жүргізушілер үшін көрнекі етеді. Ата-аналар еліктеуге үлгі боласыздар. Жол ережелерін сақтаңыздар! Баланы жолға жібергенде, оған жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске түсіріңіз-балалар сізден үйренеді. Оның қауіпсіздігі – бәрінен жоғары!, – деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зарубаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру