Жыл басынан СҚО полицейлері 19 велосипед ұрлығын ашты
Жыл басынан Солтүстік Қазақ тан облысының полицейлері 19 велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері велосипед иелерін мүліктеріне сақтықпен қарауға шақырады. Адамдардың басым көпшілігі «темір тұлпарларын» баспалдақ алаңында сақтайды. Қаскөйлер көп қабатты үйлердің кіреберістеріне кіру үшін түрлі әдістерді пайдаланады, көп жағдайда үй тұрғындарының үйден шыққанын күтіп, ішке кіреді.
Дәл осылай 19 мамыр күні белгісіз адам Жамбыл көшесіндегі үйдің кіреберісіне кіріп, құны 35 мың теңге «BMHW» велосипедін қолды қылған. Оқиға орнында табылған саусақ ізі күдіктіні анықтауға септігін тигізді. Саусақ ізі арқылы күдіктінің бұрын сотталған 1993 жылғы қала тұрғыны екені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған алынып, күдіктіге қатысты келуге міндеттеме алу бұлтартпау шарасы тағайындалды.
– Кіреберісте бейне бақылау болмаған, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. – Көп жағдайда қылмыскерлер дәл осындай кіреберістерді таңдайды. Егер велосипедті пәтерде немесе жертөледе сақтау мүмкін болмаған жағдайда, оны айдап әкетуге қарсы құралдармен, мықты арқанмен жабдықтау қажет.
Жалпы жыл басынан облыста 33 велосипед ұрлығы тіркелді, оның 19-ы ашылды.