Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жасөспірімдерге рейд жүріп жатыр

Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, ересек адамдардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында 1-12 маусым аралығында Ақтөбе облысында “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-алдын алу іс-шараларының қорытындысында төрт күн ішінде ІІО-ға 307 кәмелетке толмағандар жеткізілді, оның ішінде  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған – сегіз, қадағалаусыздығы үшін 299 жасөспірім.

Сонымен қатар, 330 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 302 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Жасөспірімдерге алкогольдік өнімдерді сатқан тоғыз факті анықталды, сегіз ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін) тартылды.

435 нысан тексерілді. Онда бала еңбегін пайдалану бойынша алты факті анықталды, 42 кәмелетке толмағандар және 32 отбасы есепке алынды, үш тескіш-кескіш зат анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру