Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен күдікті ұсталды

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жаяу жүргіншіні қағып кеткен жол-көлік оқиғасының куәгерлерін анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 маусымдю таңғы сағат 04-де “Самара-Шымкент” автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Жүргізушісі анықталмаған автокөлікпен “Самара-Шымкент” бағытындағы автожолдың 831 шақырымында Ақтөбе қаласы жағына Хромтау қаласынан жеті шақырымы бағытында келе жатып, жол қозғалыс ережесін бұзып, қозғалыс үшін кедергі туындаған сәтте көлік құралы толық тоқтағанға дейін жылдамдықты төмендетпегеннің кесірінен жолдың оң жақ жиегінде келе жатқан 41 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Одан кейін жүргізуші жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетпестен, жол-көлік оқиғасы орнынан бой тасалаған.

Жол-көлік оқиғасының қорытындысында жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Рота патрульді полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болған жерден көлік маркасын анықтады және артынша күдіктінің соңына түсті.

Анықталғандай, 22 жастағы күдікті “Опель” автокөлігін Хромтау қаласында тастап, өзі қала орталығына бой тасалаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Хромтау ауданы полиция бөліміне жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру