Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы өтуде

Алматы облысында полицейлер “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Алматы облысының аумағында полиция қызметкерлері аталған іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясын өткізеді.

– Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясын өткізе отырып, халықаралық зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні атап өтіледі. Осыған орай Қазақстанның барлық аумағында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы өткізіледі. Оның шеңберінде – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған қабылданып жатқан шаралармен халықты таныстыру жүргізіледі, – деп айтып өтті Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.

Акция аясында отбасылық құндылықтарды насихаттау, құқық бұзушыларға қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдардың іс-қимыл алгоритмі тақырыбына бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Бұл іс-шараға полицияның қоғамдық көмекшілері, жастар бірлестіктері де қатысады.

– Барлық жерлерде қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізілетін болады. Осыған орай, қандай да бір зорлық-зомбылық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, Талдықорған қаласындағы Дағдарыс орталығының базасы аясында құрылған “Жедел желіге” (13-01) 8 (72-82-28-00-05) хабарласуларын сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру