Алматыда көліктің есіктерін ұрлаған тұрғын ұсталды
Алматыда көліктің есіктерін ұрлаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түн ортасында Руставели көшесінің бойында патрульдік жасақ көліктің екі есігі мен екі балка көтеріп келе жатқан үш адамды көрді. Тәртіп сақшыларын көрген екеуі темірлерін лақтырып, қашып кеткен, тек 48 жастағы А.есімді азамат қашуға үлгермей қалды.
– Күдіктіні патрульдік жасақ көшелерді аралау кезінде ұстады. Күдіктілердің автокөлік бөлшектері қоймасына жасырын кіріп, көздеріне бірінші іліккен затты алғандығы анықталды. Қазір қылмыскердің екі сыбайласын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша біздің бөлімшенің тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ұрлықтың мән-жайы анықталып жатыр, – деді Алматы қалалық ПД Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.