Ақмола полицейлері облыс жолдарында түнгі рейдтер жүргізуде
Ақмола полицейлері облыс жолдарында жол-көлік оқиғаларын болдырмауда түнгі рейдтер жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Батальон мен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күндіз де, түнде де жол қозғалысын қадағалауда. Тәулік сайын 60-тан астам полиция экипажы автокөлік жолдарында жүрген қаңғыбас малдың, жаяу жүргіншілердің бар-жоғын тексеріп, ауа райының өзгеруі мен жол төсемінің жай-күйі туралы хабар беруде.
Күзгі кезеңде температураның ауытқуына және жауын-шашынға байланысты мұндай рейдтер жүргізу алдын алудың қажетті шарасы. Ылғал асфальт, шалшықтар мен ойықтар, тегіс емес жерлер – түнде жүріп келе жатқан жүргізушілер үшін қауіп. Егер олар күндіз оңай байқалса, ал қараңғыда көлік жүргізу ерекше назар аударуды қажет етеді.
21 қазанда кезекті түнгі рейд барысында «Тұлпар 3» қызметкерлері Мариновка ауылының маңындағы Екатеринбург-Алматы автожолының 1060 шақырымында шетелдік есепте тұрған ВАЗ 2112 автокөлігін тоқтатты. Рөлде «орта дәрежедегі» мас күйінде жүргізуші отырды.
Автокөлік Атбасар қаласының айып тұрағына қамалды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.