Павлодар полицейлері 9 айдағы жұмыстың қорытындысын шығарды
Павлодар полицейлері 9 айдағы жұмыстың қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеңесті Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр ашты. Ол ведомствоның биылғы жылғы 9 айдағы жұмысының нәтижелеріне және өңір аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларға қысқаша тоқталды.
Облыстық Полиция департаменті бастығының айтуынша, биыл қылмыс құрылымында қылмыстар саны 1,8%-ға қысқарды.
– Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы жақсарды. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша республикада бірінші орында тұрмыз. Синтетикалық есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. Жүргізілген алдын алу шараларының арқасында ағымдағы жылдың 9 айында қоғамдық орындарда қылмыстың 15,5%-ға, оның ішінде көшелерде 5,6%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыс жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші ЖКО санының 2,4%-ға азайғанын көрсетеді, – деді В. Скляр.
Аумақтық бөлімшелер 1205 сауалнама жүргізіп, оның ішінде анықталған 77 кемшілік әлі де жойылмаған.
– Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отбасылық жанжалдарға қатысты 5000-ға жуық қорғау ұйғарымдары шығарылды. Құқық бұзушылардың мінез-құлқына 586 арнайы талаптар белгіленіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде профилактикалық есепте тұрған жауапты тұлғаларға қатысты 114,4%-ға төмендеу байқалды, – деп хабарлады ПД бастығы.
Қорытындылай келе, Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр алдын алу жұмыстарға, әсіресе қоғамдық орындарда ішімдік ішуге, кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыстарды күшейтуге және алдағы жұмыста белгіленген басымдықтарды қатаң сақтау қажеттігіне тоқталды.