Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жастарға интернет-алаяқтық туралы ескертті

Петропавл полицейлері жастарға интернет-алаяқтық туралы ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу – полицияның өзекті міндеттерінің бірі. Петропавл қаласы ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол колледжінің ұстаздары мен оқушыларына желілік алаяқтардың қулықтарына қалай түспеу керектігі туралы айтып берді. Сауалнама көрсеткендей, олардың кейбіреулері интернеттегі алаяқтықтың түрлі схемаларымен бетпе-бет келген.

Ең үлкен қауіп “банктен қоңырау шалу” сценарийі бойынша әрекет ететін алаяқтардан келеді. Олар өз құрбандарына біреудің банктік шоттарына қастандық жасайтынын айтады, үлкен несие алуға және қаражатты “қауіпсіз” немесе “резервтік” шотқа салуға көндіреді, бұны іс жүзінде қылмыскерлердің өздері жүзеге асырады. Полицейлер ешқашан бөгде адамдардың нұсқауы бойынша қаржылық операцияларды жасамауға кеңес береді. Сізге айтылған ақпаратты банкке барып тексерген жөн.

– Сондай-ақ, біз құпия деректерді: банк шоттарының нөмірлерін, құпия сөздерді және кіру кодтарын, соның ішінде sms-хабарламаларда жіберілетін бір реттік деректерді құпия сақтау қажеттігі туралы айттық. Тағы бір кең таралған қулық-интернеттегі жалған жарнамалар арқылы тауарларды сатып алу кезінде алдын-ала төлемді талап ету. Өз заттарын сатқысы келетіндерге де қауіп төнеді: қылмыскерлер ақшаны аударамыз деп уәде береді немесе жоқ жеткізу қызметін пайдалануды ұсыну арқылы адамдардан құпия деректерді сұрап алады, – дейді Екінші ПБ бастығы Талғат Смағұлов.

Полицейлер өз сөздерін бейнематериалдар көрсетумен және жадынамалар таратумен бекітті. Жастар аудиториясы кездейсоқ таңдалмады: олардың араласатын орталары кең, егер әркім алған білімдерін туыстары мен жақындарына жеткізсе, бұл қауіп туралы білетін адамдардың саны бірнеше есе артады. Ақпараттандыру – қазіргі заманғы қылмыс түрлерінен қорғаудың ең сенімді құралы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру