Екібастұзда алкогольді ішімдікпен байланысты 96 қылмыс жасалған
Екібастұзда алкогольді ішімдікпен байланысты 96 қылмыс жасалған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі-алкогольді ішу немесе қоғамдық жерде мас күйінде болу. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ломоносов көшесінде өздігінен жүре алмай, теңселіп келе жатқан Екібастұз қаласының 44 жастағы тұрғынын куәландыруға алып келді.
Куәландырудан кейін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Бұдан басқа, аталған азаматқа қатысты алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
– Жыл басынан бері барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1593 дерек анықталды. Алкоголь ішімдіктері мас адамдарды жаңа заң бұзушылықтарға итермелеуі және олардың өздері қылмыскерлердің құрбанына айналуы мүмкін. Биыл біздің өңірде мас күйінде 96 қылмыс жасалды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
Естеріңізге сала кетейік ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін масаң күйде болғаны үшін құқық бұзушыға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Егер осы құқық бұзушылықты 18 жасқа толмаған тұлға жасаса, ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер осы іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып жасалса, онда құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.