Арыста тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өтті
Арыста тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Арыс ауданы ПБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауқымды семинар-тренинг өткізілді. Шараға аудан бойынша Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі педагогтар мен кіші қызметкерлер қатысты.
Бұл шарада әйелдер мен балаларды қорғау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселесі жан-жақты қаралды. Баршаңызға белгілі, бүгінде елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі. Осы ретте бұл кездесуде отбасындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, оның алдын алу, тосқауыл қою мәселелері талқыланды.
Жалпы, 2022 жылдың 10 айында Арыс АПБ-ға жеке қабылдауға 10 әйел келген. Олардың барлығына полицейлер тарапынан қажетті құқықтық көмек беріліп, заң асында жұмыстар арқарылған.