Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Мәскеуден Павлодарға бара жатқан жүргізушіге көлігін жөндеуге көмектесті

Полицейлер Мәскеуден Павлодарға бара жатқан жүргізушіге көлігін жөндеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына бейне алғыс түсті. Өз үндеуінде роликтің авторы түнде жолда қиын жағдайға тап болғанын, бірақ аға инспектор Серік Сәрсенов пен Павлодар облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы Арғын Қуанов оған көмекке келіп, қиыншылықтан құтқарғанын айтты.

4 қарашада сағат 22:30 шамасында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рота қызметінің қызметкерлері Қызылорда – Павлодар автожолын патрульдеді, қараңғыда полиция жол бойында тұрған көлікті байқап, бәрі жақсы екенін білу үшін тоқтады. Көлікте доңғалақ жарылғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жүргізушіге көлік құралының ақауларын жоюға көмектесіп, автокөлік жүргізушісі өз жолын амандықпен жалғастырды.

Видео осында.

– Менің көлігімнің дөңгелегі жарылып қалды. Бірақ домкрат тым төмен болып шықты, жалғыз өзім жөндей алмадым. Осы сәтте полиция қызметкерлері көмекке келді. Тәртіп сақшыларына көп рақмет, – деп ер адам алғысын білдірді.

Сондай-ақ жүргізушінің айтуынша, ол Мәскеуден Павлодарға бет алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру