Павлодар облысында «Кибер-шериф» кешенімен 120 млн теңге айыппұл өндірілді
Павлодар облысында жыл басынан бері «Кибер-шериф» кешенімен 120 млн теңге айыппұл өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта Павлодар облысында төрт «Кибер-шериф» кешені жұмыс істейді. Олар Жол қозғалысы ережелерін бұзатын автокөлік құралдарын тіркейді және бейнеге жазады. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеу белгілерін анықтайды және іздестіру базалары бойынша объектілерді автоматты түрде тексереді.
– Адамның қатысуысыз жұмыс жасау осы құрылғының тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Толық автоматтандыру барлық деректерді серверге жылдам сақтауға, өңдеуге және жіберуге, бірден бірнеше іздеу базаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Кибер-шериф» кешені көлік құралының іздестіріліп жатқанын лезде анықтауға мүмкіндік береді. Ал бүйірлік камералар жаяу жүргіншілердің жүздерін бірден таниды. Оларды соттан және тергеу органдарынан жасырынып жүрген адамдардың базаларымен автоматты түрде салыстырып тексереді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінде.
Мысалы ведомствода атап өткендей, орта есеппен тәулігіне осы кешеннің көмегімен жылдамдық режимін бұзудың 65-70 фактісі анықталады. Жыл басынан бастап «Кибер-шериф» жылдамдықты асырудың 11555 фактісін анықтады. Олар бойынша жалпы сомасы 150 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Оның 120 млн теңгесі өндірілді.