Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда колледж алдындағы ағаштарды кескен тұрғын анықталды

Талдықорғанда колледж алдындағы ағаштарды кескен тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қалалық полиция қызметкерлері жергілікті колледждердің бірінің аумағындағы ағаштарды заңсыз кесу дерегін анықтады. Қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде 28 жастағы азамат тіркелді. 

Ер адамның әртүрлі тұқымды сегіз ағашты (терек, үйеңкі, қарағаш) кескені анықталды. Оқиға орнына білім мекемесінің әкімшілігі полиция қызмеркелерін шақырды. Күдікті ағаштарды шығарып үлгермеген. Шығын көлемі шамамен – 400 мың теңге.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру