Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының тұрғынынан 8 киік мүйізі алынды

Атырау облысының тұрғынынан заңсыз сақталған сегіз киік мүйізі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау облысы Индер аудандық ПБ қызметкерлері “Браконьер-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Қызыл кітапқа енген киік жануарының мүйізін заңсыз сақтаған азаматты анықтап, ұстады.

Анықталғандай, 12 қараша күні сағат 23:30 шамасында Индер АПБ полиция қызметкерлері “Охотазоопром»”Батыс өңірлік филиалының инспекторларымен бірлесіп, Сыралы учаскесіндегі қыстақтардың бірінен сегіз киік жануарына тән мүйіздерін тәркіледі. Күдікті ретінде Өрлік ауылының 64 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1 бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру