Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жыл басынан бері 713 отбасылық жанжалқор жауапқа тартылды

Ақмола облысының полицейлері «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында есепке алынған отбасыларды тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Ақмола облысының аумағында облыстық департаменттің барлық бөлімшелері мен қызметтерінің жеке құрамын барынша тарта отырып, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіліп жатыр.

– Отбасылардағы қақтығыстар мен жанжалдар көбінесе тұрмыстық қатынастардан асып түседі, ал отбасындағы зорлық-зомбылық – жалпы әлеуметтік проблема. Оны шешу барлық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес бірлестіктер мен қоғамның тығыз өзара іс-қимылымен ғана мүмкін болады, – деп атап өтті полицейлер.

Осылайша учаскелік инспекторлар қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерді пәтерлер мен аулаларды аралайды, профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексереді.

Жылдың басынан бастап отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін учаскелік инспекторлар 792 әкімшілік хаттама толтырды. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 713 жанжалқор жауапқа тартылды. Ұрып-соққан құқық бұзушыларға қатысты 320 әкімшілік хаттама жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру