Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келесте заңды бұзған есептегі сотталғанға ескерту берілді

Келесте заңды бұзған есептегі сотталғанға ескерту берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Түркістан қалалық пробация қызметі және ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында пробация қызметі және полиция есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Сотталғандардың мекенжайын тексеру барысында Келес аудандық пробация қызметінде тіркеуде тұрған бір азаматқа ескерту жарияланды. Бұл сотталған азамат сот жүктеген міндетті орындамайтын болса, оған тағайындалған бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатын болады. Яғни, өзінің өтелмеген мерзімін темір торда өтейді.

Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді.

– Жұмыс уақытынан кейін тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, отбасындағы туыстарымен сөйлесіп, түсіндірме жұмыс жүргіземіз. Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекенжайында болмаса, онда ол адамға акты толтырылып, ескерту беріледі. Екі рет ескерту алған адамға үшінші рет ескерту қарастырылмайды. Сөйтіп аудандық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, яки пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса, жазбаша түрде ескерту жарияланады. Ал ескерту болған жағдайда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3-бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға сотқа жолданады. Жазаны сот тағайындайды. Осындай профилактикалық шара барысында сот жүктеген міндетті орындамаған бір азамат анықталды. Оған қатаң ескерту жасалды. Енді оның тарапынан осындай қателік қайталанса, онда іс сотқа жолданатын болады, – деді Келес аудандық пробация қызметінің бастығы Нұрдәулет Аширбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру