Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда көлік жүргізу құқығы жоқ әйел мас күйде рөлге отырған

Талдықорғанда көлік жүргізу құқығы жоқ әйел мас күйде рөлге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласының патрульдік қызметкерлері Mercedes-Benz көлігін мас күйінде басқарған 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Әйелде жүргізуші куәлігі болған жоқ.

Анықталғандай, тамыз айында Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Белгілі болғандай, әйел екі жас баланың анасы, әйелдің жасын және осындай жағдайларды ескере отырып, ол әкімшілік қамауға алынбаған.

Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылықты қайталағаны үшін әйел ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, мас күйінде болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әйелге ақшалай айыппұл, түзету және қоғамдық жұмыстар, шектеу немесе бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру