Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған 18 жүргізуші анықталды
Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған 18 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автомобиль көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін арттыруға, техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтауға, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуге бағытталған «Заңсыз тасымалдаушы» ЖААІШ нәтижесінде екі мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылық анықталды.
– 129 көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау, 187 техникалық байқаудан өтпеу фактісі, техникалық ақаулары бар көлік құралын пайдалануға шығарудың 45 фактісі, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 39 фактісі тіркелді. Тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 9 материал жасалды. Бұзушылықтар статистикасы осындай. Естеріңізге сала кетейін, автобустардың жарамдылығы мен жүргізушілердің жай-күйі үшін автобус парктерінің әкімшілігі жауапты. Олар қызметкерлерді тексеріп, қажет болған жағдайда оларды рейстерден алып тастауы керек, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД ЖПҚ бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Полиция мас күйінде көлік жүргізген 18 жүргізушіні анықтады. Шамасы жүргізушілер әлі күнге дейін өз әрекеттерінің қылмыстылығын түсінбейді және өз қауіпсіздігіне ғана емес, басқа азаматтардың өміріне де қауіп төндіретіні туралы есеп бермейді.
Мысалы, Павлодар – Ақсу автожолында Volkswagen-Passat автокөлігі тоқтатылды. Медициналық қорытындыға сәйкес, 35 жастағы жүргізуші есірткіден мас болған. Бұл ретте салонда екі жолаушы болды, олар үйге жету үшін таксиге тапсырыс бергендерін түсіндірді. Осы факт бойынша жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Көлік айыппұл тұрағына орналастырылды. Материал сотқа жіберілді.
Басқа жағдайда, көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан жолаушыларды жеке тасымалдаумен айналысқысы келген автобус жүргізушісі ұсталды. Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Полиция жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатқанын айтты.