Ақмола тұрғындары «банк қызметкерлеріне» миллиондаған ақшаны аударған
Ақмола тұрғындары «банк қызметкерлеріне» миллиондаған ақшаны аударған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 желтоқсанда Ерейментау АПБ полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп, белгісіз ер адамның телефонына қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырғанын хабарлады. Арызданушының айтуынша, қоңырау шалған ер адам оған банктің қосымшасында белгісіз адамдар оның сенімді нөмірін өзгертуге тырысып жатқанын және ҚР үш түрлі банктерінде оның атына несиелер ресімдеу бойынша іс-қимылдар жүргізіп жатқанын хабарлаған.
Жағдайды жан-жақты ойлауға уақыт бермей, алаяқ ер адамды қолма-қол ақшаны сақтап қалу үшін телефонға «AnyDesk» қашықтан қол жеткізу қосымшасын жүктеп, «қайталама несие» рәсімдеу керектігіне сендірген.
«ForteBank» қосымшасында қаскүнем жәбірленушінің атына «Блю» картасын ашып, қашықтан қол жеткізу қосымшасы арқылы оның атына 4,7 млн теңге сомасында несие ресімдеген. Содан соң алаяқ ақшаны өтініш берушіге белгісіз шотқа аударған.
Жәбірленуші несиелік алаяқтардың әрекеттері туралы білгенін, дегенмен олардың қылмыстық айла-шарғыларына көнгенін мойындады.
Осындай оқиғаға 26 желтоқсанда полицияға арыз берген Ақкөл ауданының тұрғыны да тап болды. Жергілікті тұрғын алаяқтардың іс-әрекетінің құрбаны болып, 2 млн теңге сомасында ақша қаражатынан айырылған.
Полицейлер жәбірленушілердің ақшалай қаражатын Павлодар және Алматы қалаларындағы қаскүнемдер алғанын анықтады. Полиция қызметкерлері ForteBank-ке банк карталарынан ақша қаражаты алынған пайдаланушылардың толық сауалнамалық деректерін, сондай-ақ осы қылмыстың ашылуына ықпал ететін басқа да деректерді анықтау мақсатында тиісті сұрау салулар жолдады.
Екі факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.