Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда «қызылға» өткен жүргізушілер айыппұл арқалады

Павлодарда бағдаршамның қызыл белгісіне өткен жүргізушілер айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбековтың айтуынша, 3 қаңтар күні сағат 11.52-де Павлодарда Катаев-Естай көшелерінің қиылысында Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі тыйым салу сигналына қарамай, бағдаршамның қызыл шамына өткен.

Жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады. Енді құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төленеді.

Осындай фактіні тәртіп сақшылары Катаев-Толстой көшелерінің қиылысында тіркеді. Nissan автокөлігінің жүргізушісі де бағдаршамның тыйым салу сигналына қарамай өткен. Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады. Осы бұзушылық үшін павлодарлыққа айыппұл төлеу қажет – 10 АЕК.

Полиция атап өткендей, ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігіне сәйкес бағдаршамның тыйым салу сигналына немесе реттеушінің тыйым салу қимылына қарамай өту – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үшін – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру