Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте діни экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғынға айыппұл салынды

Шымкентте діни экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 25 қарашасында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Instagram желісіндегі парақшасында тыйым салынған діни аудио-видео материалдарды таратқан Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтады. Оның деструктивті діни ағымды ұстанатыны белгілі болды.

Аталған аудио және бейнежазбалар діни сараптамаға жолданған. Нәтижесінде бұл материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынғаны нақтыланды. Орын алған жайтқа байланысты жергілікті жердің тұрғынына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігінің 3-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды.

2022 жылдың 6 желтоқсанында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған азамат Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 153 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру