Ақмола полицейлері алимент төлемейтіндердің орналасқан жерін анықтап жатыр
Ақмола полицейлері алимент төлемейтіндердің орналасқан жерін анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны баласына үш миллион теңгеден астам қарыз болды. 2016 жылдан бастап ер адам оны асырау үшін алимент төлемеген және бала тәрбиесіне де қатыспаған.
11 қаңтарда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына алимент төлеуден жалтарып жүрген адамның бұрынғы жұбайы өтініш білдірді. Қазіргі уақытта алимент төлеуден жалтарған борышкерге қатысты алимент өндіріп алу туралы атқару құжатының талаптарын мәжбүрлеп орындауға бағытталған ықпал ету шаралары қабылданып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, заңнама нормаларын елемегені үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 139-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жалпы, өткен жылдың 12 айында Ақмола облысында алимент төлемейтіндердің 39-ы іздеуде болды, қазіргі уақытта полицейлер олардың 24-нің орналасқан жерін анықтады.