Атырау полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады
Атырау полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон заңдылықтарын бұзған шетел азаматтарын анықтау және олардың жолын кесу, ҚР аумағынан өз еркілерімен шығу туралы сот қаулыларын орындамаған шетелдіктерді ұстау мақсатында Атырау облысы аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Аталған ЖПІШ кезінде 17 қаңтар күні Атырау қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған мемлекетаралық іздестіруде жүрген 1992 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.
Шетелдік азамат Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 158-бабы 2-бөлігі, яғни ұрлық қылмысы бойынша 2021 жылдан бері іздеуде болған. Қазіргі уақытта күдікті Атырау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобына тапсырылды.