Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 6 шетелдік елден шығарылды
Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 6 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жол беретін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шараның 2 күнінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың 206 фактісі анықталды. Оның ішінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 127 шетелдікке әкімшілік шаралар қабылданды. Көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін сот шешімдерімен 6 шетелдіктер елден шығарылды.
Сонымен қатар шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған және шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқан 75 Қазақстан Республикасының азаматы мен заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құрылыс алаңдарында жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ заңсыз қызмет етіп жүрген 24 Өзбекстан Республикасының азаматтары анықталып, шетелдік азаматтар қабылдау-тарату орнына тапсырылды.