Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заппаров: «Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар 4 мыңнан астам адамды алдап кеткен»

Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар 4 мыңнан астам адамды алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, алаяқтықтың көп бөлігі қаржылық пирамидаларымен байланысты.

– Бір қаржы ұйымына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында, бірнеше жәбірленушінің арызы негізінде тіркелген істердің көп бөлігі бір өндіріске біріктіріледі. Мысалы, Mudarabah Capital-ға қатысты қылмыстық істің 179 эпизоды, «Оскар Медикал» бойынша 298 эпизод және «Qi Trade» 4 мыңнан астам жәбірленуші бір өндіріске біріктірілді. Бұл ретте интернеттегі алаяқтықтардың санын азайтуға мүмкіндік туды. Танымал тұтынушы интернет-платформаларының өкілдерімен жұмыс кездесулері, сондай-ақ БАҚ-та және әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтықпен күресу туралы ақпараты бар мақалалар, бейнероликтер тұрақты жариялануының арқасында, – деді Арыстанғани Заппаров.

«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы заңсыз сайттарды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында елде 800-ден астам ресурс бұғатталған немесе шектелген. ПД-ның арнайы тергеу-жедел тобы IT-технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру