Ақмолалық кинолог-полицей қылмысты жедел ашқаны үшін марапатталды
Ақмола облысында кинолог-полицей қылмысты жедел ашқаны үшін марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қаңтарда құқық тәртібін қамтамасыз етуге, қылмыс жасаған адамды іздестіруге және ұстауға қосқан үлесі үшін Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы Думан Таев кинолог Дамир Шиндаулетовке «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті. 10 жылдан астам уақыт бойы Дамир Шиндаулетов қызметтік иттерді үйретумен айналысады. Брайтқа дейін кинологтың тәлімгері неміс овчаркасы Зита болған, ол да қылмыстарды ашуда жоғары нәтиже көрсетті. Өкінішке орай өткен жылы Зита өліп қалған.
28 қаңтарға қараған түні Зеренді ауданының Еленовка ауылында белгісіз біреу сауда нүктесінің терезесін бұзу жолымен халық тұтынатын тауарлар мен ақша қаражатын ұрлап кеткен. Брайт есімді қызметтік-іздестіру иті 40 минут ішінде кинологты ұрының ізіне түсірген.
Өзінің қамқор, шығыс еуропалық тұқымды иті туралы айта отырып, старшина Дамир Шиндаулетов бұл иттің алғашқы ашылған қылмысы екенін атап өтті.
Дамирдің айтуынша, қызметтік-іздестіру иті бір жарым жылға дейін үйретуден өтуі керек, бірақ Брайт өзінің ерекше қабілеттерін көрсетіп жатыр. Іздеу барысында бір жасар иттің анда-санда өтіп бара жатқан көліктер мен қаңғыбас иттерге назары бөліне бергеніне қарамастан, ол полицейлерді күдіктінің үйіне дәл алып келген, ол жерден дүкеннен ұрланған заттар табылды.
Дамирдің пайымдауынша, қылмыстың ашылуына дейінгі барлық кезеңде, ол үнемі үй жануарымен бірге жаттығуларға барып жүрген. Нәтижесінде соның барлығы өзінің оң нәтижесін берген. Біраз уақыттан кейін кинолог 7 айлық Брайтты үйретуге, әлеуметтендіруге кірісті, міне, жарты жылдан астам күнделікті жаттығулардан кейін ит қылмыстарды ашуға кірісті.