Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясында “Сергек – Патруль” жаңа кешенінің тұсаукесері өтті

Алматы полициясында “Сергек – Патруль” жаңа кешенінің тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жаңа функция қаладағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған.

– Жоба қазіргі уақытта пилоттық нұсқада жүзеге асырылуда. Оған патрульдік полиция экипаждарын “Сергек – Патруль” автоматтандырылған кешендерімен жабдықтау кіреді. Камералардың және жоғары интеллекттің көмегімен кешен ағындағы көлікті анықтап, нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді. Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі “жалған” нөмір еместігіне, техникалық байқаудың және сақтандыру полисінің болмауына, төленбеген айыппұлдардың болуына, ұрлыққа және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріледі. Сонымен қатар, бағдарлама қоғамдық көліктерге арналған жолақтардағы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін түсіреді. Құрылғымен тіркелген оқиғалар ЖҚЕ бұзуды өңдеу үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Баяндамашының айтуынша, жаңа автоматтандырылған кешен өзінің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартқан. Жабдық қараңғыда, қолайсыз ауа райында және аязда жақсы жұмыс істейді.

Автоматтандырылған бағдарламалық кешен “Қорғау” мобильді қосымшасымен біріктірілген.

– АБК әрекетінің алгоритмі келесідей: құқық бұзушының көлігін анықтап, оның мемлекеттік нөмірі тіркелгеннен кейін нақты уақыт режимінде нысаналы базалармен салыстыру жүргізіледі. Бірден полиция қызметкерінің қызметтік планшетіне тәртіп бұзушылық немесе шектеу туралы хабарлама келеді. Әрі қарай инспектор заңға сәйкес шаралар қолданады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін қызметкердің жұмыс кезіндегі іс-әрекеті бағдарламаға тіркеледі, – деді Аманбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру