Алматы тұрғыны зейнеткерлерге көмектескен полицейге алғысын білдірді
Алматы тұрғыны зейнеткерлерге көмектескен учаскелік полиция қызметкеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл туралы Алматы тұрғыны қалалық полиция департаменті басшылығына жолдаған хатында хабарлады.
– Медеу аудандық учаскелік полиция инспекторына алғыс айтамын. Полиция лейтенанты Жамбыл Жұмажановтың 79-бөлімшеде қызмет атқару барысында, оның қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарауын, құқық бұзушылыққа жедел ден қоюын, жауапкершілігін, шапшаңдығын атап өткім келеді. Оны жергілікті тұрғындарда бәрі жақсы ма деген сұрақ үнемі алаңдатады, дер кезінде заң бұзушылықтардың жолын кеседі. Жамбыл Жұмажановтың жанқиярлықпен жұмыс істеп жатқанына қарап, азаматтар полицияның еңбегін құрметтеп, қастерлей бастағанын полиция басшылығына және қала тұрғындарына хабарлауды парызым деп санаймын, – деді, зейнеткер.
Хат соңында әйел адам, тәртіп сақшыларына, қиын қызметтерінде алдағы уақытқа да табыс тіледі.