Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны өзгенің телефонын ломбардқа өткізіп жіберген

Астана тұрғыны өзгенің телефонын ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайы Polisia.kz.

Қала тұрғыны полицияға жүгініп, ер адам оның сеніміне кіріп, Samsung телефонын алаяқтық жолмен иемденгені туралы арызданған.

Абылай хан даңғылындағы сауда үйінде белгісіз ер адам сатушыға барып, қоңырау шалып алу сылтауымен телефон сұраған. Нөмірді теріп жатқандай кейіп танытып, ер адам жайлап алыстап, содан кейін қадамын тездетіп қашып кеткен. Осылайша жәбірленушіге 80 мың теңге сомасына материалдық шығын келтірген. Ол ұялы телефонды ломбардқа өткізіп үлгерген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, бұрын ұрлық жасағаны үшіністі болған, 23 жастағы жас жігітті ұстады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру