Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық жас полицейлер алғашқы офицерлік погондарын алды

Алматылық жас полицейлер алғашқы офицерлік погондарын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты табыстау рәсімі ПД-ның мұражайында өтті. Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың қолынан 45 жас қызметкерге лейтенант погоны табысталды. Қаладағы тәртіпті қамтамасыз ететін офицерлердің қатарына жас ұл-қыздар да қосылды.

– Бауыржан Момышұлының “Отан үшін отқа түс – күймейсің!” деген жақсы сөзі бар. Бұл сөз сіздерге, Отан қорғаушыларға жол көрсетуші болуға тиіс. Сіздер ант қабылдап, алғашқы офицерлік шендеріңізді алып, толыққанды полиция қызметкері болдыңыздар. Бүгін сіздердің Тәуелсіз Қазақстанға қызмет ету, Қазақстан халқына қызмет ету жолдарыңыз басталды. Сіздер, құрметті әріптестер, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және олардың конституциялық құқықтарын қорғауда өз білімдеріңіз бен дағдыларыңызды дұрыс қолдана алатындарыңызға сенімдімін, – деді Арыстанғани Заппаров.

Шен беру және погондарды табыстау – әрбір полиция қызметкері үшін тарихи маңызды оқиға.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру