Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ұрлықтың бетін ашты

Ақмола полицейлері ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерейментау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған ұрлықты ашты. Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Ерейментау қаласының 62 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, ағымдағы жылдың 1-2 қаңтары аралығында белгісіз адам LG теледидары мен екі алюминий құтыны аспалы құлыпты бұзып кіру арқылы ұрлап кеткенін айтты. Ақмолалық бұл уақытта сапарда болған. Келтірілген залал сомасы 150 мың теңгені құрады.
Ауланы аралау барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті бір күн бұрын жәбірленушінің көршілеріне қонаққа келіп, көршілес үй иелерінің жоқтығына назар аударған. Шеге жұлатын құралдың көмегімен ер адам құлыпты сындырып, үйге кіріп, ұрлық жасаған.

Полиция күдіктінің үйінен плазмалық теледидарды тапты. Ол ұрланған құтыларды металл қабылдау пункттерінің біріне тапсырып, түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы 3-бөлімі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру