Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ІІО-ның қайтыс болған қызметкерінің құрметіне арнап волейболдан турнир өткізілді

Абай облысында ІІО-ның қайтыс болған қызметкерінің құрметіне арнап волейболдан турнир өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданында ШҚО ПД патрульдік полиция ротасы взводының командирі болған полиция капитаны Оралбекұлы Мұратбекті еске алуға арналған құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.

Турнирге Абай облысының түрлі ұйымдарының атынан 18 құрама команда қатысты.

— Отанды қорғаушы деп аталатын мамандық бар және погон киетін адамдардың бұл қасиетті міндеті әрқашан болған, болған және бола береді. Ал ар-намыс, батылдық, Отанға деген сүйіспеншілік туралы мәңгілік ұғымдар барда , өмірден озған әріптестерімізді ешқашан есімізден шығармаймыз, – деді жарысты ашқан Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаров.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары М.Смағұлов, ауыл ардагерлері, Мұратбектің әкесі – Оралбек қатысты.


Қарауыл ауылының үш спорт залында екі күн бойы жеңіс үшін күрес жүргізілді.

Көшбасшылық үшін күресте Абай облысы полиция департаментінің командасы жеңіске жетті.

Екінші орынды Катон-Қарағай ауданының командасы иеленді.

Үшінші орынды Семей қаласынан “Семей Көркем” құрама командасы қанжығалады.


Жарысты қорытындылай келе, Абай ауданы әкімінің орынбасары М.Смағұлов жарысқа қатысқан командаларға және жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ номинациялар бойынша үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар мен марапаттар табыс етті.

Турнирді өткізуге Мұратбек Оралбекұлының ауылдастары мен сыныптастары ерекше үлес қосты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру