Қостанай полицейлерінің қызмет сапасын ендігі QR арқылы бағалауға болады
Қостанай полицейлерінің қызмет сапасын ендігі QR арқылы бағалауға болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Процестің қарапайымдылығы мен объективтілігі үшін сауалнама әзірленді, оған QR – код арқылы өтуге болады, ол өңірдегі полиция бөлімдерінің барлық кезекші бөлімдерінде орналастырылған.
Оның көмегімен өтініш беруші кері байланыс қалдыратын қарапайым сұрақтарға жауап бере алады. Жауаптарды талдау Google көмегімен жүзеге асырылады. Осылайша, нақты уақыт тәртібінде полиция бөлімшелеріне қанша адам, қандай мәселелер бойынша жүгінетінін және ең бастысы – көрсетілген қызметтің сапасы қаншалықты қанағаттанарлық екенін көруге болады.
Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, мұндай жұмыс полицияның сервистік моделін және адамдық-орталықтық қағидаттарын іске асыруда маңызды факторға айналып жатыр. Бұл модельдің орталығында адамның қажеттіліктері тұр, ал мемлекеттік орган мұндай өзара іс-қимылдың нәтижелі болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс.
Деректердің алғашқы талдауы көрсеткендей, бір сағат ішінде полицияға 22 адам жүгінген, олардың 50%-ы полицейлерден көмек сұраған.
Респонденттердің 31%-ы көші-қон қызметі қызметтерін алды, 9%-ы ІІО-ға жұмысқа орналасқысы келеді, дәл осынша азамат тергеу желісі және басқа да мәселелер бойынша жүгінген.
Жаңашылдықты облыстың аудандық бөлімшелерінде де бағалады. Мысалы, Б.Майлин ауданының тұрғыны Майлыбай Бақтияров учаскелік полиция инспекторына жүгінді.
– Сауалнаманы тез толтырдым, өте ыңғайлы. Мемлекеттік органның азаматтарды қабылдау процесін жақсартуға тырысқаны өте маңызды. Бұл бүгінде полицияда жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі екеніне сенімдімін, – деді ауыл тұрғыны.