Алматыда тағы бір шетелдік қалта ұрлығы үшін ұсталды
Алматыда тағы бір шетелдік қалта ұрлығы үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалта ұрлығын жасағаны үшін Өзбекстан азаматы ұсталды.
– 39 жастағы шетел азаматы смартфон ұрлады деген күдікке ілінді. Д. есімді азаматтың 38-бағыттағы қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны белгілі болды. Ол жолаушы күртесінің қалтасынан Samsung телефонын суырып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Айғақты зат – ұялы телефон тәркіленді және бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іске қосылды. Келтірілген материалдық шығын 120 мың теңгені құрады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін істі болғаны белгілі болды.