Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік студент автокөліктен әуен тыңдайтын құрылғыларды қолды еткен

Шымкентте 18 жасар студент автокөліктен әуен тыңдайтын құрылғыларды қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінген. Ол өз арызында үйінің ауласында тұрған ВАЗ 21099 автокөлігіне белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, ішінен әуен тыңдайтын құрылғыларды қолды еткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 190 мың теңгені құраған.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмысты ашу үшін шұғыл түрде іске кірісті. Ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, жақын маңайдағы азаматтардан түсінік алынды. Нәтижесінде ұрлық жайтына қатысы бар азамат анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдікті сағат 07:50 шамасында көше бойында ешкім жоқтығын пайдаланып, маңайдағы үйлердің біріне қақпасы арқылы заңсыз кірген. Аулада тұрған автокөліктің ішіндегі әуен тыңдайтын құрылғыларды біртіндеп шешіп, ұрлап, бой тасалаған. Техникалық заттарды сатып, бас пайдасына жаратпақ болыпты.

Сондай-ақ ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК-тің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру