Астанада жүк тиеуші пәтерден құрылыс құралдарын ұрлап кеткен
Астанада жүк тиеуші пәтерден құрылыс құралдарын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ауданы ПБ-ның қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 41 жастағы ер адам анықталды. Белгілі болғандай, ол елордадағы тұрғын үй кешеніндегі жөндеу жұмыстары кезінде құрылыс қалдықтарын шығару үшін жүк тиеуші болып сағаттық жұмысқа қабылданған. Күдікті қолайлы сәтті пайдаланып, пәтерде жатқан құрылыс құралдарын ұрлап, оқиға орнынан кетіп қалған. Ер адам ұрланған заттарды жертөледе жасырып, өзіне қалдыруды шешкен.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленіп, оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.