Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері халықаралық іздеуде болған азаматты ұстады

Қызылорда облысының полицейлері халықаралық іздеуде болған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД криминалды полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша күдікті қатарында танылып, тергеуден бой тасалап, 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Өзбекстан елінің тұрғыны құрықталды.

2018 жылы күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Жедел уәкілдер күдіктіні Астана қаласында аумағында ұстаған. Қазіргі уақытта ол Қызылорда қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру