Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу криминалистері талдықорғандық студенттерге экскурсия өткізді

Жетісу криминалистері Талдықорған қаласының студенттеріне экскурсия өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері Жетісу университетінің студенттеріне экскурсия өткізді.

– Іс-шара жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша акция аясында өтті. Полицейлер балаларға сараптамалық зерттеулердің мүмкіндіктері туралы айтып, аналитикалық жабдықтарды көрсетті, сондай-ақ, студенттерді дәстүрлі зерттеу түрлерінің көмегімен қылмыстарды ашу және қылмыскерлерді әшкерелеуде сарапшылардың жұмыс әдістерімен таныстырды, – деді ПД ЖКБ бөлімінің бастығы Марина Ли.

Экскурсия барысында студенттер әсіресе криминалистердің жұмыс ерекшілегіне аса зейін қойды, өз жұмысында қолданатын әдістер туралы және қылмыстарды ашу мен тергеу үшін маңызды дәлелдерді қалай зерттейтіні туралы айтты.

– Болашақ түлектер арнайы сараптама аясында криминалистердің арнайы чемоданда не бар екенін және оқиға орнында табылған қандай заттар нақты сараптаманың бөлігі ретінде зерттелетінін білді. Студенттер дактилоскопиялық карталардың барлық базасы сақталатын «Папилон» АДАЖ кабинетінде болып, сот сарапшыларының басқа да заманауи техникалық мүмкіндіктерімен танысты, – деп атап өтті Марина Ли.

Кездесу соңында студенттер полиция қызметкерлеріне танымдық әңгімелері үшін алғыс айтып, барлық сұрақтарын қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру