Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне» қатысты
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне» қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңір тұрғындарына күні бойы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері жеке мәселелері бойынша кеңес беріп жатыр. Азаматтарды қабылдауды облыс әкімі Құмар Ақсақалов та жүргізіп жатыр. Айта кету керек, «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізіліп жатыр.
– Бұл азаматтардың мәселелерін «осында және қазір» форматында шешуге мүмкіндік беретін жұмыстың тиімді түрі. Кейбір өтініштер бірден бірнеше мемлекеттік органдардың қатысуын талап етеді. Бүгінгі қабылдау көрсеткендей, өңір тұрғындары осындай мүмкіндікті пайдаланып, бірден бірнеше бағыт бойынша шешімге ие болды, – деп есептейді Ерлан Омарбеков.
Мәселен, Арқалық қаласының тұрғыны Серік Телекпаев сұрақтарымен облыс әкіміне және полиция департаментінің бастығына жүгінді.
Ол Арқалық қаласында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бөлігінде ұсыныстар енгізді. Шаруа қожалығының басшысы, сондай-ақ, Арқалық полициясының жұмысына баға беріп, қоғамдық орындар мен көшелерде тыныштық орнағанын атап өтті.
Күннің бірінші жартысында Ерлан Омарбековке кеңес алу үшін бес азамат жүгінді, олардың мәселелері сол жерде шешілді . Айта кету керек, полиция департаментінде азаматтарды қабылдау өтініш берушілердің талабы бойынша тұрақты түрде жүргізіледі.