Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есепте тұрған сотталған психоневрологиялық диспансерге жатқызылды

Түркістан облысында есепте тұрған сотталған психоневрологиялық диспансерге жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы және Түркістан облысына қарасты ҚАЖД Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанды психоневрологиялық диспансерге ем қабылдауға жатқызды.

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінде пробация қызметкерлері мен қалалық емханасымен бірлесіп психикалық емдеу орталығына 2 ай мерзімге ем қабылдауға жолданды.

Бұл сотталған өзі психикалық дәрігерде “Д” тізімінде тұрады. Екінші топтағы мүгедектігі бар. Психиатордың бақылауында тұрады.

Н. есімді сотталған азамат бір емес бірнеше рет көршілерінің заттарын ұрлағаны үшін Түркістан қалалылық сотының үкімі бойынша ұрлық бабымен бас бостандығынан шектеу жазасына тағайындалған болатын.

– Атап өтер болсақ, бұл бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған Н. есімді азаматты сот сараптамасы бойынша пробациялық бақылауға алынып жазасын өтей алатыны дәлелденген болатын. Өткен жылы пробациялық тізімге алынды. Қалалық соттың үкімінде психиатордың бақылауында болу керек екендігі көрсетілген. Н. есімді азаматтың отбасындағы мүшелерінің айтуы бойынша, оның денсаулығының сыр беріп жүргеніне байланысты психиаторлық емдеу орталығына жатқызу үшін қалалық емханаға өтініш жазып, оны тексеруден өткізіп, орталықта ем қабылдауға жолданды. Алдағы уақытта ем қабылдаған соң отбасына оралады деген сенімдемін, – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің бөлімінің аға инспекторы Жасұлан Шарипов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру