Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы есепте тұрған жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен кездесті
Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы есепте тұрған жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 ақпан күні қылмыс жасаган кәмелеттік жаска толмаған жасөспірімдердің арасында құқық бұзұшылықтардың алдын алу және алдағы уақытта болдырмау максатында, Атырау қалалық пробация қызметінін есебінде тұратын кәмелет жасына толмағандармен және олардың ата-аналарымен бірге Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Манарбек Габдуллин жеке қабылдап кездесу өткізді.
Қазіргі танда пробация есебінде 6 кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер тіркелген, соңғы жылдары алдын-алу, тәрбиелік жұмыс нәтижесінде бірде бір қайта қылмыс облыс бойынша тіркелген жоқ. Қабылдау тоқсан сайын өткізіліп тұрады.
Кездесу барысында, әр жасөспіріммен және ата-аналармен тәрбиелік бағытта сұхбат жүргізіп, қылмыстың алдын алуда ең бірінші кұралы тәрбие екені нық басылып айтылды.
Сол себепті, еліміздің болашағын қалаушы жастарга жеткілікті дәрежеде тәрбие бере отырып, алдағы қадамын ілгері дұрыс басуына ата-аналардын ықпалы өте зор әсер ететінін, азаматтардың бойында өзін және айналасын кұрметтеу сезімін калыптастыру, санасына өздерін дұрыс ұстауын ұғындыру, болашаққа жарқын көзбен қарауға, әсіресе тәртіпке бағыну, заңды сыйлау туралы айтып түсіндірді.