Атыраулық полицейлердің бақылауымен қарт ана қарттар үйіне орналастырылды
Атыраулық полицейлердің бақылауымен қарт ана қарттар үйіне орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Зорлық-зомбылық қоғамдағы ең өткір әлеуметтік проблемалардың бірі. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кең тараған түрі отбасы институтына және қоғамның адамгершілік жағдайына деструктивті әсер ететін әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық болып табылады. Отбасындағы зорлық-зомбылық отбасының шеңберінде жүзеге асады.
Соңғы жылдары елімізде тұрмыстық заң бұзушылық мәселесі өзекті мәселеге айналып, оның алдын алуға құқық қорғау органдары белсене араласуда. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде көбінесе әйел адамдар зардап шегеді. Өкініштісі сол, зорлық- зомбылыққа ең көп ұшырайтын адамдар – құқық бұзушының ең жақыны, бірге тұратын отбасы мүшелері болып жатады. Ерлі-зайыптылар арасындағы, балаға қатысты ата-анасының немесе агрессормен бірге тұратын отбасы шеңберінде болатын зорлық-зомбылықтан бөлек анасына қысым жасап, құқық бұзатындар да бар. Мәселен, 73 жастағы баласынан жәбір көрген Құрманғазы ауданының тұрғыны аудан әкімінің қаулысымен Атырау қаласындағы әйелдерге арналған дағдарыс орталығына орналасқан. Атырау облысы ПД жергілікті полиция басқармасы қызметкерлерінің бақылауымен дағдарыс орталығынан қарттар үйіне орналастырылып, қазіргі кезде аудан тұрғынының жағдайы полицейлердің басты назарында.
Аталған құқық бұзушылықтарды алдын-алу бағытында атыраулық полицейлер шұғыл түрде жәбірленушіге қауіпсіздік жағдайларын жасап, ақпараттық, құқықтық, психологиялық және т.б. көмек түрлерін қолданып жатыр.
Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері Ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәрленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін Ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар.
Мамандандырылған дағдарыс орталығында орналасу үшін 8(7122) 46 60 60 телефондары арқылы, Ішкі істер органдарына немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арызбен полицияның учаскелік инспекторына, 102 немесе 8(778) 932 93 92 (тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үшін) хабарласу қажет.