Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны есірткіні сақтағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Петропавл қаласының тұрғыны есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және сақтағаны үшін 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылдың тамыз айында Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Петропавл станциясы локомотив депосының аумағында қаланың 29 жастағы тұрғынын есірткі заттарын сақтағаны үшін анықтап, ұстады.

Тергеу әрекеттері барысында ұсталған адамнан психотроптық зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 1,30 грамм альфа-PvP синтетикалық есірткі заты болып шықты.

Тергеу жұмыстары анықтағандай, ер адам есірткіні жеке өзі тұтыну үшін интернет-сайт арқылы аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алған екен.Аталған факті бойынша көлік полицейлері ҚР қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Петропавл қаласы сотының үкімімен құқық бұзушыға 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 56 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 3 өткізу, 2 аса ірі көлемде сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 25 кг-дан астам есірткі заты тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру