Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ПД қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын талқылады

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының басында полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның бірінші отырысы өтті. Онда ІІО мен ККО жұмысының қорытындылары, сондай-ақ “Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы” жобасы талқыланды. Кеңеске қатысушылар азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ қонақтар полиция қызметіндегі оң өзгерістерді атап өтті.

ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков кіріспе сөз сөйлеп, ШҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші орган мүшелеріне белсенді азаматтық ұстанымдары мен ішкі істер органдарының қызметіне барынша көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

Отырыс барысында консультативтік-кеңесші органның құрамы мен 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар ККО-нің үш жаңа мүшесі: Сергей Коротин – Өскемен қаласының құрметті азаматы, “Фирма НКГ” ЖШС және “OreolLTD” ЖШС директоры, Галина Вологодская – “Казахстанская правда” газетінің меншікті тілшісі және полиция департаменті штаб басқармасының бастығы – Руфат Қажымқанов сайланды.

– ККО басым міндеттерінің бірі полицияның беделін және қызметтің беделін нығайту, азаматтар мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды арттыру. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында бүгінде полиция азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қоғаммен диалогқа әрқашан да дайын, – деді ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков.

Кеңес мүшелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен танысты. Бұл құжат мемлекеттік органдардың, полиция мен қоғамның өзара іс-қимылына негізделген. Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді осы іске белсенді тарту, барлық мүдделі тараптармен және азаматтармен ынтымақтастық орнату, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша ашық жүйе құру жоспарлануда. Сонымен қатар полиция жұмысын трансформациялау, қағаз жұмысынан қоғамның сұраныстарына бағдарланған модельге көшу жөніндегі шаралар бекітілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру